18 мау, 2021 сағат 12:56

Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін не істеледі?


Атырау қаласындағы жағымсыз иісті жою үшін кешенді іс-шаралар қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атырау қаласы тұрғындары жиі көтеретін мәселенің бірі - атмосфералық ауа сапасы. Оларды облыс орталығында ауада жағымсыз иістің таралуы алаңдатады. Бұл - ондаған жылдар бойы тұрғын үйлер мен кәсіпорындардың кәріздік суларын тазарту қондырғыларының болмауынан туындаған мәселе», - деді Махамбет Досмұхамбетов. 

Оның айтуынша, облыс әкімдігі бұл проблеманы шешу үшін 2021-2025 жылдарды қамтитын кешенді іс-шаралар қабылдаған. 

«Соның ішінде, биыл қаланың сол жақ бөлігіндегі жаңа кәріздік-тазарту ғимаратын іске қосу жоспарлануда», - деді облыс басшысы.