Бүгін Ысқақ Егембердиев «Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне директор болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Атырау-ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2000-2004 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. Бұдан соң осы оқу орнында журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы Жезқазған қаласының «Сарыарқа», «Мысты өңір» газеттерінде тілші болып бастады.
2003-2004 ж.ж. «Қазақ университеті», «Жас Алаш» газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған. 2005-2019 жылдары аралығында «Хабар» агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болды.
2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта «Атырау–Ақпарат» медиахолдингі 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым. Бұл холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.