10 сәу, 2021 сағат 06:35

Атылған оқтың дауысы мен түтін ақтаулықтардың зәресін ұшырды – ҰҚК не болғанын айтты

Ақтау тұрғындары бір-біріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты қоршауының артында болған атыстың видеосын жіберді. Болған жайт желі қолданушыларының үрейін ұшырды. ҰҚК өңірде оқу-жаттығулар өтіп жатқанын хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күш-құрылымдарының қатысуымен оқу-жаттығулар өткізілгенін жеткізді. 

Оқу-жаттығуларға мемлекеттік және әскери нысандар қатысты, терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйін тексеру үшін имитациялық құралдар қолданылды.

Жаттығу аумағында көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне  шектеу қойылды.  

ҰҚК облыс тұрғындарынан сабырлық танытуды, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қажет болған жағдайда құқық қорғау және күштік органдарға көмек көрсетуді сұрады.