14 мам, 2024 сағат 14:09

Атырау облысында тағы бір ауылдан тұрғындар эвакувацияланды

Фото:den-der.kz

Бейбарыс ауылдық округінде Талдыкөл ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазады.


"Бүгінде 146 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Оның ішінде: 91 бала, 5 студент, 55 қарт адам, 3 жүкті әйел және 4 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың барлығы APEC жоғары колледжінің эвакуация пунктінде орналасқан", - деп хабарлады Махамбет ауданының әкімдігі. 


Еске сала кетейік, 13 мамырда Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Талдыкөл ауылының тұрғындарын кіреберіс жолдың су басу қаупіне байланысты эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда.