14 нау, 2022 сағат 17:13

Алматы облысында "Атамекен" ҰКП филиалының директоры ұсталды


Қаржылық мониторинг агенттігі «Атамекен» ҰКП филиалында қызмет бабын асыра пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінде «Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға жәрдемдескені үшін «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының директорына қатысты қылмыстық іс тіркелді. 

Ол қызмет бабын пайдаланып, кәсіпкерлерден бірнеше рет заңсыз 200 мың теңге ақшалай сыйақы алған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабының 4-бөлігі сотқа дейінгі тергеу аяқталып, прокуратураға жолданды.