#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Астаналықтар сәбилеріне қандай есімдерді жиі қояды

  • 11.08.2020
  • 0
  • 136

Елорда тұрғындары сәбилеріне ең жиі қоятын есімдер белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, биыл дүниеге келген ұл балаларға ең көп қойылған есім – Рамазан (97). Одан кейінгі орындарда Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тұр. 

Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайта танымал бола бастағанын көрсетеді. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби.

Ал қыз балалар арасында биыл Медина (150) есімі көп берілген. Топ 5-те сондай-ақ, Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105) есімдері бар. Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина.

Айта кетейіке, Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың соңғы алты айында 14 123 бала дүниеге келді.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, елордада егіздер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Елорда перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы – 77) және үш үшем (былтыр – 1) туған. 

Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар