Ақмола облысында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ІІД таратқан хабарламаға қарағанда, оқиға 9 шілдеде Ақкөл ауданындағы «Арман» балалар лагері аумағында болған. Сол күні Ақкөл аудандық ӨБ диспетчерінен аталмыш лагерь маңындағы, яғни, аудан орталығынан 8 шақырым жердегі су қоймасында 2003 жылғы жасөспірімнің суға батып кеткендігі туралы ақпарат түскен.
Кейін баланың денесі сол су қоймасынан табылды. Сондай-ақ, жасөспірімнің Астана қаласындағы мектепте оқитыны анықталып отыр.
"Қазіргі кезде баланың денесі мəйітханаға жіберілді. Сондай-ақ, соттық медициналық сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде", - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.