65 жастағы астаналықты қар тазалап жатқан шағын көлік басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7 желтоқсанында сағат 15:45 шамасында шағвн қар тазалайтын көлік жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында қар тазалап жатып, артқа шегінгенде тротуармен келе жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.