22 мам, 2018 сағат 15:48

Астанаға қонған ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кеткен (видео)

Бүгін Астанадағы қатты желдің әсерінен "Air Astana" әуе компаниясының ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. 

Шымкент - Астана KS352 рейсіндегі ұшақ қону кезінде ұшып-қону жолағынан ауытқып кеткен. Ұшақ ішінде 106 адам болған.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 88 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта әуе компаниясы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.