25 қаң, 2018 сағат 10:45

Астанадағы мұнай базасында болған өрттің видеосы

Астананың Автоматика ауылындағы мұнай базасының аумағында 500 шаршы метр жер өртенді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі. Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖ комитетінде растады.

«24 қаңтарда сағат 18.17-де Сарыарқа ауданының Автоматика тұрғын-үй алқабында орналасқан «Иноил ЛТД» ЖШС мұнай базасында өрт болды. Екі қабаттан тұратын әкімшілік-өндірістік ғимараттың үстіңгі қабатында өрт шығып, шатырына дейін шарпыды. 500 шаршы метр жер өртенді», - деп мәлімдеді ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт сағат 22.12-де сөндірілді. Мұнай базасының қызметкерлері өрт кезінде өздері шығып үлгерген. Ешкім зардап шекпеді. Өртті сөндіруге 60 өрт сөндіруші мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.