26 мам, 2025 сағат 09:33

Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөнделіп, орнына қайта орнатылды

Фото: ашық дереккөз

Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин желідегі парақшасында хабарлады.

«Өткен жылы Есілдің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарына байланысты алынып тасталған кезде әлеуметтік желіде әңгіме болды. Қайта-қайта түсініктеме бергеніме қарамастан, расталмаған ақпарат тараған болатын. Шын мәнінде, ескерткішке жөндеу жұмыстары қажет болды. Міне, бүгін, жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды. Қазір бұрынғымен салыстырғанда биіктігі де ұзартылды», – деді Ерлан Қарин.