07 қаз, 2025 сағат 16:20

Астанада «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенінің құрылысшыларына қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр

Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Полиция департаменті «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешеніне салым жасаған азаматтардың шағымдары негізінде алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу барысында құрылыс компаниясы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, тұрғын үй салу үшін азаматтардан қаражат тартқаны анықталған.

Прокуратура мәліметінше, құрылыс салушының заңсыз әрекеттерінің салдарынан 300-ден астам отбасы зардап шегіп, жалпы көлемі 4 миллиард теңгеден асатын материалдық залал келген.

Қазіргі уақытта күдікті тұлға ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасуда, іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

Елорда прокуратурасы азаматтарға үлестік тұрғын үйге ақша салмас бұрын құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарын мұқият тексеруге кеңес береді. Бұл өз құқықтарын қорғауға және алаяқтық жағдайлардан сақтануға мүмкіндік береді.