06 ақп, 2025 сағат 13:19

Астанада зейнеткерлер қаржы пирамидасына 286 млн теңге құйған

Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігі «Happy Life KZ» қаржылық пирамидасының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Ult.kz.

Күдікті 2016 жылдан 2024 жылға дейін биологиялық белсенді қоспалар сатамын деген желеумен салымшы тартқан.

Салым сомасы  7 500-ден 2 млн теңгеге дейін өзгеріп отырған.

«Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 286 млн теңгеден асқан. Күдікті қаржылық пирамидаға 35 адамды тартқан. Зардап шеккендер  – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер», - делінген ақпаратта. 


Тергеу жүргізу барысында күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатқа элиталық тұрғын үй кешенінен 36 млн теңге тұратын пәтер сатып алғаны анықталды.