01 қыр, 2021 сағат 00:41

Астанада вакцина алғандар саны жарты миллионға жуықтады


Нұр-Сұлтанда вакцинаның алғашқы компонентін 401 мыңға жуық азамат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

330 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті. Вакцинацияланғандардың арасында жас және егде жастағы адамдар жиі кездеседі. 

«Бізде вакцина алғысы келетіндердің қарқыны байқалады. Вакцинаның көмегімен ғана коронавирустық инфекцияға қарсы тұруға болатынын біраз адам түсінді. Қала тұрғындарының басым бөлігі вакцинациядан өтті. Бұл мамыр айының басынан бастап бүгінге дейін байқалып отыр», - деп атап өтті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Вакцинация сіздің денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың да денсаулығын қорғайды. 

Ұжымдық иммунитет қалыптасқан жағдайда қала карантинге дейінгі қалыпты өмірге орала алады.

Қазіргі уақытта елордада вакцинаның үш түрі бар: ресейлік «Спутник», қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының Vero Cell өнімі.