#
#
Бейсенбі 29/10/2020

Астанада соңғы 10 күнде шетелден ұшып келген 1 437 жолаушы стационарға жатқызылған

  • 16.10.2020
  • 0
  • 90

6 қазаннан бүгінге дейін «Рамада Плаза» қонақ үйіндегі карантин стационары 64 рейстен әуе жолаушыларын қабылдады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.

ПТР сынағынан өткені туралы анықтамасы жоқ Қазақстан Республикасының 1 437 азаматы карантин стационарына жатқызылды. Оның ішінде 2 жолаушы коронавирустың симптомсыз тасымалдаушысы болып шықты және медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй жағдайындағы карантинге оқшауланды.

«Күн сайын карантин стационарының мамандары 150-ден астам қажетті анықтамасы жоқ жолаушыны қабылдайды. Коронавирус инфекциясы таралмас үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Коронавирустың алғашқы толқыны кезіндегі ахуал қайталануын ешқайсымыз қаламаймыз, сондықтан әріптестеріміздің ұтқырлығы мен кәсібилігі бұл жерде үлкен рөл атқарады», - деді басқарма басшысы Тимур Муратов.

16 қазанда 5 халықаралық рейс қабылданды: Германиядан - 1, Египеттен - 1, Түркиядан - екеу, Беларусьтен - 1 рейс. Оның ішінде COVID-19 сынағын ПТР әдісімен тапсырғаны туралы анықтамамен - 453, анықтамасыз -120.

120 жолаушының барлығы карантин стационарына («Рамада Плаза» қонақ үйінде) оқшауланып, ПТР тестілеуі өткізілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар