31 қаң, 2023 сағат 11:38

Астанада полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды

Фото: inform.kz

Астанада полицейге пара бермек болған тұрғын видеоға түсіп қалды.

ІІМ ресми Telegram-арнасының мәліметінше, патрульдік полиция полкінің инспекторы Сейфуллин көшесінің бойында нөмірі көрінбейтін Toyota Estima маркалы автокөлігін тоқтатқан (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 1-бөлігі).

30 жастағы жүргізуші қызметтік көліктің салонында болған кезде жауапқа тартпау үшін алдыңғы орындықтардың арасына 10 мың теңге салған. 

Полиция қызметкері ақшадан бас тартып, сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы өз басшылығына және ӨҚБ-ға хабарлаған.

Қазір аталған факт бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.