Фото: видео скриншот
Астана қаласының тәртіп сақшылары елорда мешіттерінің бірінен келушілердің аяқ киімін ұрлап кеткен ер адамды анықтады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғыны полицияға аяқ киімінің ұрланғаны туралы арызданған. Ер адамның айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның құны 30 мың теңге тұратын кроссовкасын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған 28 жастағы ер адамды анықтаған. Кадрларда оның сөренің жанындағы аяқ киімге қарап тұрғанын көруге болады.
Өзіне ұнаған аяқ киімді таңдап алып, оны киіп мешіттен шығып кеткен. Ер адам кінәсін мойындады, оның астанада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына қатысты тергеу жүріп жатыр. Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.