16 жел, 2021 сағат 15:10

Астанада Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті


Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін елімізде мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Салтанатты мейрамға орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің аумағында Ту көтеру рәсімі өтті», - деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің ресми аккаунтында.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Құрметті қарауылы Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерекесіне орай Мемлекеттік туды салтанатты жағдайда көтеру үшін этно-мемориалдық кешен алдында сап түзеді. 

Тутұғырдағы көк Байрағымыз көкке көтерілгеннен кейін Әнұран шырқалды.