26 шіл, 2024 сағат 16:10

Астанада Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы жүріп жатыр

 

Фото: ашық дерекөзден

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешова арасындағы сот отырыс жүріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Айта кетейік, Шымкенттің экс-әкімнің ағасы өз отбасы мүшелерін үйінен күштеп шығарғаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған болатын. Кадрларда белгісіз ер адам Дана Әтешованы үйінен күштеп шығарып жатқанын көруге болады. Кадр сыртында бұл адам Марат Әйтенов екені айтылған. Осы уақытта полиция оқиғаны көшеде бақылап тұрған.

Дана Әтешова бұл жағдайдан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан өзіне және балаларына көмектесуін өтініп, үндеу жасады. Марат Әйтеновтің өзі "Barys Media"-ға берген сұхбатында сот орындаушысының айтуымен үйге барған, алайда Дана Әтешова қарсыласқанын айтты.

Кейін Астана полициясы осы іс бойынша тергеу жүргізілгенін хабарлады. Сосын Марат Әйтенов қамауға алынды.