28 мау, 2021 сағат 16:33

Астанада LRT құрылысы жанданды


Нұр-Сұлтанда LRT жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрылыс алаңынан ірі техникаларды, ҚХР-дан келген жұмысшылар мен LRT үшін қажет жаңа конструкцияларды көруге болады. 

CTS көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Қытайдың мердігер ұйымы - CNTIC консорциумы шарт міндеттері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша дайындық жүргізіп жатыр. Олар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты түзеліп отырады", - деп хабарлады CTS өкілдері.