13 ақп, 2024 сағат 10:01

Астанада қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды


видео кадры


Астана полициясы қызға шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.


"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 12 ақпанда елорда аулаларының бірінде қызға шабуыл жасаған Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады елордалық ПД баспасөз қызметі.


Кеше елордалық полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.


"Астана Полиция департаменті тонау дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпаратты тарату мүмкін емес", - делінген полиция хабарламасында.