16 там, 2024 сағат 11:55

Астанада құрылысшы 7-қабаттан құлап кетті

Елордағы құрылыс алаңдарының бірінде 34 жастағы жұмысшы 7-қабатта орнатылған ағаштан құлап кетті. 

Астана денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға кеше, 14 тамызда болған.

"Мәңгілік ел даңғылы, 62/1 мекенжайы бойынша 7-қабаттағы құрылыс ағашынан құлаған 1990 жылы туған ер адам жедел жәрдем көлігімен №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Деректерге сенсек, ер адамның миы, өкпесі және сол бүйрегі соғылып, көп жарақат алған. Екі иығында және омыртқаның әртүрлі бөлігі, қабырғалары сынған. Жедел операциядан кейін зардап шеккен адам реанимацияға жатқызылды. Ер адамның жағдайы ауыр.