15 там, 2025 сағат 11:12

Астанада құрылыс компаниясының алаяқтығына қатысты іс тергелуде

Фото: Polisia.kz

Астанада "Asyl-NurQurylys" құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, компания басшылары 2024 жылдың наурызынан бастап рұқсат құжаттары жоқ болса да, интернет арқылы жарнама беріп, "Mardan" тұрғын үй кешенінен пәтер брондау туралы келісімшарттар жасаған. Бұл жолмен 300-ден астам азамат алданған.

Күдіктілер үлескерлерден шамамен 4 миллиард теңге жинап, қаражатты иемденген. Сот шешімімен нысан сүрілді.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Компания басшыларының біреуі қамауға алынған, екіншісі іздеуде.

Полиция зардап шеккен азаматтарды Астана қаласы ПД-не (Сейфуллин көшесі, 37) хабарласуға шақырады.