22 мау, 2024 сағат 18:12

Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шықты


Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шықты. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан түтін  ғимаратты толығымен тұмшалағанын байқауға болады. Ал төтенше жағдайлар министрлігі қазір өртті ауыздау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

"Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды", – делінген хабарламада. 


Бұған дейін әлеуметтік желіде өртенген нысанның “Қазақмыс” ғимараты екені айтылған.