18 нау, 2023 сағат 16:18

Астанада Елизавета II атындағы сквер ашылды


Астанадағы орталық саябақтағы скверлердің бірі Ұлыбритания патшайымы Елизавета II құрметіне аталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Патшайым Елизавета II атындағы сквердің ашылуына Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли қатысты. 

Сквер Қабанбай батыр даңғылында, "Салтанат сарайы" кешені мен St. Regis Astanа қонақ үйінің арасында орналасқан.


"Патшайым Елизавета II дүниежүзі бойынша көп адамға үлгі болды және бұл біздің ел әрқашан мақтан тұтатын нәрсенің бірі. Біз бұған дейін бұл сквер туралы және оны патшайымның атымен атау жайлы сөйлескен едік, содан кейін мүмкін болса, ашылуына келгім келіп еді", - деді Джеймс Клеверли.

Еске салайық, бүгін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Астанаға келді. Ол Қазақстанға алғашқы сапары барысында сыртқы істер вице-министрі Роман Василенкомен кездесті. Кейін оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Әлихан Смайылов қабылдады.