12 қаң, 2021 сағат 10:58

Астанада екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары үйден оқиды

Елордада екінші ауысым оқушылары онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (көру мүмкіндігінің нашарлауы) ІІ ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі», - делінген қалалық Білім басқармасының ақпаратында. 

Еске салайық, «Қазгидромет» бірнеше өңірде ескерту жариялаған болатын. Осы уақытта қар, боран, жолдың көрінбеуі салдарынан 3 өңірде автожолдар ішінара жабылды. 

Ақмола облысында: 

- «Көкшетау-Рузаевка» 0-61 км аралығы, Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесі 

- «Көкшетау-Омбы» 0-51 км аралығы, Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесі

- «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 304-341 км аралығы, Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесі.

- «Макинск-Ақсу-Торғай» 0-240 км аралығы, Макинск ауылы - Торғай ауылы учаскесі.

Солтүстік Қазақстан облысында:

-барлық бағыттар бойынша.

Қостанай облысында:

- «Екатеринбург-Алматы» 686-729 км аралығы, Сарыкөл ауылы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы учаскесі.

- «Мамлютка-Қостанай» 180-250 км аралығы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Ұзынкөл ауылы учаскесі.