Фото: Polisia.kz
Астанада Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды. Арнайы операция барысында күдіктілерден 270 кг-дан астам «марихуана» мен «гашиш» есірткісі тәркіленді. Сондай-ақ автокөлігін тінту кезінде Макаров тапаншасы табылды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Алдын ала анықталғандай, тәркіленген қару Тараз қаласы аумағынан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ қатарына жатады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ІІМ хабарламасында.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.