12 мау, 2024 сағат 17:28

Астанада бренд киімдер ұрлап жүрген қаскүнемдер ұсталды


Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 19, 22 жастағы екі азамат пен 22 жастағы азаматшаны анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тергеу барысында қаскүнемдердің оңай олжа іздеп, елорданың сауда үйлеріндегі брендтік бутиктерді аралап, ұрлық жасағандары анықталды. Олар тіпті, ұрлыққа қарсы магниттерді шешпей, тауарды залдан білдіртпей алып шығу тәсілін ойлап тапқан. «Іске» шықпас бұрын қаскүнемдер арнайы сөмкенің ішіне фольганы ораған. Дүкендерге келгенде киім-кешектерді «арнайы» сөмкелеріне жасырын салып, еркін сауда залдарынан алып шыққан. Осылайша бірнеше дүкенге 100-500 мың теңге арасында материалдық шығын келтірген. 

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.