15 қаң, 2021 сағат 11:20

Астанада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада бір түнде 17 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы уақытта Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстарына 900-ден астам арнайы техника мен 2 мыңға жуық адам жұмылдырылған. 

«Қаңтардың 14-інен 15-іне қараған түні 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмау үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді», - деді әкімдіктен.

Жиналған қар елорданың әр аумағында орналасқан 11 полигонға шығарылады. Көшелерді қардан тазарту 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.