24 қаз, 2020 сағат 07:47

Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордада «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, жәрмеңкеге «Магнум» ірі сауда желісі және ҚР Ет одағының мүшелері, сондай-ақ өңірлерден ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көтерме сауда жеткізушілері қатысуда. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтағыдан 10-15% төмен.
Қарағанды және Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары ет және сүт өнімдерін әкелді. 

Түйетауық етін Ақтөбе облысының шаруа қожалықтары ұсынуда. 

Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері бірінші және жоғары сұрыптағы ұн, рапс және күнбағыс майын жеткізді.

Балды Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының омарташылары әкелді.

Көкөніс өнімдерін: қырыққабат, сәбіз, қызылша, пиязды Ақмола облысының тауар өндірушілері сатып жатыр.

Атап өтілгендей, жәрмеңке 24-25 қазан күндері өтеді. Өңірлерден азық-түлік өнімдері тікелей тауар өндірушілерден делдалсыз ұсынылуда.