17 қаз, 2024 сағат 18:23

Астанада алаяқтар танымал дубайлық шоколадты сату арқылы тұрғындарды алдаған

Фото: ашық дереккөз

Астанада полиция қызметкерлері танымал дубайлық шоколадты интернет арқылы арзан бағамен сату арқылы алаяқтық жасаған топты анықтады. Алаяқтар Instagram әлеуметтік желісінде қымбат шоколадты нарықтағы бағадан төмен ұсынып, адамдарды қызықтырған, деп хабарлайды Ult.kz.

"Осылайша, жергілікті тұрғындардың бірі алаяқтармен хат алмасып, төлем мен жеткізу жолдарын талқылап, шамамен 15 мың теңгеге бір плитка шоколадқа тапсырыс берген. Ақшаны банк картасына аударғаннан кейін, алаяқтар оны бұғаттап тастаған. Жәбірленуші алданғанын түсінген соң, полицияға жүгінген", - делінген хабарламада.


Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, алаяқтарды ұстады. Тергеу барысында күдіктілер өз кінәсін мойындады, және алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.