Фото: Астана әкімдігі
Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды. Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр.
«Әрбір үзінді - әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға», – дейді ұйымдастырушылар.
Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.