19 нау, 2025 сағат 11:01

Астанада 3000 оқушы «Қамажай» биін биледі

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астаналық оқушылар «Қамажай» биін билеп, хореографиялық флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.

Оған 100-ден астам мектептің үш мың оқушысы қатысты. Сондай-ақ бүгінгі Ұлттық киім күніне орай, қазақтың қамзолы мен сәукелесін, шапаны мен бешпетін киген бір топ жеткіншек Дефиле көрсетті. Жалпы республика бойынша мұндай ауқымды шара алғаш рет өтіп тұр. Алдағы уақытта ол жалғасын табады, дейді ұйымдастырушылар.

"112 мектеп бар болса Астана қаласында, сол мектептерден 25-35 баладан жинап, 1 ай бойы әр мектепке барып қимылдарды үйреттік. Одан кейін соңғы бір аптада әр локацияда әр мектепке барып, аудан-аудан бойынша биді дайындадық", - дейді «Шашу» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Тәуіржан Рахат.