Фото: shutterstock.com
Астана тұрғыны автобус жүргізушісіне бұрышты газ шашты, -деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" inform.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік жүргізушісі тәртіп бұза отырып, автобустың алдына шығып кеткен. Артынан ол көлігінен шығып, қоғамдық көлік жүргізушінің бетіне бұрышты газ шашты. Оқиға Астана қаласындағы Қалдаяқов көшесінде болды.
«Автобус пен «Kia» маркілі көлік жүргізушісінің арасындағы жанжал күндіз Қалдаяқов көшесінде болды. Көлік жүргізушісі жол ережесін бұза отырып қоғамдық көліктің алдына шығып кеткен. Артынан көліктен шығып, автобус жүргізушісінің бетіне бұрышты газ шашып, бой тасалап үлгерген»,-делінген полиция хабарламада.
Іздестіру жұмыстарының барысында «Kia» маркілі көліктің 37 жастағы жүргізушісі ұсталып, көлік тұраққа қойылды. Сот шешімімен ол бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.