27 там, 2020 сағат 07:48

«Астана Опера» ҚР Конституциясының 25 жылдығына арнап, онлайн концерт өткізбек

29 тамыз күні «Астана Опера» театры Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік онлайн концертін ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концертті www.tengrinews.kz/tv сайтында, Astana Opera Youtube арнасында, www.astanaopera.kz сайтының Театр-Online бөлімінде тамашалауға болады. 

Бұл күні жұртшылық алдында онлайн арқылы талантты әртістер Ғалия Байғазинова, Бибігүл Жанұзақ, Жәмилә Жарқымбаева, Айзада Қапонова, Елена Ганжа, Мәдина Исламова, Назым Сағынтай, Салтанат Мұратбекова, Жан Тапин, Мейір Байнеш, Бейімбет Таңарықов, Рамзат Балакишиев, Жанат Шыбықбаев, Ержан Саипов, Болат Есімханов, Курванжан Ахатов және тағы басқалары, сондай-ақ «Dolce» скрипкашылар ансамблі өнер көрсетеді. 

Кеш бағдарламасына қазақ ұлттық классикасының танымал туындылары, отандық авторлардың әндері, романстары мен камералық-аспаптық шығармалары енген.

Концертмейстерлер – Жанар Ахметова, Раушан Бескемпірова, Ирина Кургузкина.

Концерттің басталуы сағат 18:00-де.