Фото: ҚР ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен үш адамның ұсталғаны туралы хабарлады.
2024 жылғы 2-3 мамырда Астана және Павлодар қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп және прокуратурамен келісе отырып, Қазақстанның үш азаматын қолға түсірді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінген.
Тінту кезінде діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер бұрын әртүрлі қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.