24 нау, 2023 сағат 18:26

Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыcы жарияланды

Фото: el.kz

Астана қаласы бойынша мәслихат сайлауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова ұсынған дерекке сай, елордада 788 931 сайлаушы тіркелген. Дегенмен оның ішінде 332 694 адам дауыс беруге келген.

Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 68,78% немесе 227 307 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 0,65% немесе 2 197 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 1,63% немесе 5401 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 5,12% немесе 18 174 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 5,49% немесе 18 154 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 19,96% немесе 56 045 адам дауыс берді;

Ал 3 269 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.

«5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: Amanat партиясы – 12 мандат, Қазақстан халық партиясы – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат», - деп мәлімдеді Бахыт Бектемісова.

Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы маслихатына сайланған кандидаттардың қайсысы басым дауыс жинағанын жариялады.

Бахыт Бектемісова бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 143 кандидат сайлауға түскенін атап өтті.

Комиссия дерегінше, мына кандидаттар бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы маслихатының депуттатығына өтті:

№1 сайлау округі бойынша - Владислав Сергеев;

№2 сайлау округі бойынша - Динара Байсеркин;

№3 сайлау округі бойынша - Азамат Өмірзақов;

№4 сайлау округі бойынша – Мадина Әжікенова;

№5 сайлау округі бойынша – Азамат Айтқожин;

№6 сайлау округі бойынша – Нұрлан Көпешов;

№7 сайлау округі бойынша - Салтанат Жаналаева;

№8 сайлау округі бойынша - Қанат Естеп;

№9 сайлау округі бойынша - Бахаргүл Төлеген;

№10 сайлау округі бойынша – Нұрлан Мүсілім;

№11 сайлау округі бойынша - Азамат Орынбасаров;

№12 сайлау округі бойынша – Сәуле Саймидин;

№13 сайлау округі бойынша – Ғабит Тәжімұратов;

№14 сайлау округі бойынша – Давид Лория;

№15 сайлау округі бойынша – Бауыржан Смайылов;

№16 сайлау округі бойынша – Талғат Ерғалиев;

№17 сайлау округі бойынша – Жандос Рахмет.