19 қаз, 2024 сағат 13:01

Астана аспанындағы толған ай: қазақстандық фотограф ерекше кадрлар жасады

Фотограф Дмитрий Доценко Абу Даби Плаза фонында толған айды түсіріп алды, деп хабарлайды Ult.kz.

"2024 жылдың ең үлкен толған айы Қазақстанның ең биік ғимаратының төбесінен көрінді. Міне, қазандағы толған айды кеше кешке түсіре алдым. Айға қолмен жетуге болатын жерді тапқан сияқтымын. Бұл Абу Даби Плаза — Қазақстандағы ең биік ғимарат, 311 метр және 75 қабат. Ал сіздер бұл толған айды көрдіңіздер ме?", — деп жазды Доценко өз жазбасында.