2021 жылдың 29 қыркүйегінде Достық үйі алаңында Алматы
облыстық татар, еврей және қытай этномәдени орталығының спикерлері пулының
қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты, сонымен қатар, іс-шараға басқа да этномәдени орталықтар мүшелері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдері шақырылды.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықты жою тақырыбын және оның пайда болу себептерін талқылап, ашық әңгіме өрбітті. Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен имиджін арттыру, парасаттылық идеологиясын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша адал еңбекпен нәтижелерге қол жеткізген мемлекеттік қызметшілердің, қайраткерлер мен ардагерлердің өмір жолы жас буынға үлгі ретінде дәріптеліп, адал еңбек ұстанымдарын қалыптастырудың бағыт-бағдары айқындалды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ролик көрсетіліп, профилактикалық сипаттағы ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.