Аспара-Шу аралығындағы темір жол жөнделді. Бұл жайында «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Аспара-Шу аралығындағы темір жол жөнделіп, қозғалыс қалпына келтірілді. Түнгі сағат 2:15-те бірінші контейнер тиеген пойыз көпір арқылы өткізілді. Оның артынан Шымкент Нұр-Сұлтан бағытымен жүретін Тальго поезі жөнелтілді. Кешігіп жатқан пойыздар туралы ақпаратты теміржол вокзалдарының анықтама бюросынан немесе «105» бірыңғай анықтама қызметінен білуге болады», - деді Қайсар Жұмабайұлы.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Жамбыл облысы Меркі ауданы тауларында қалың жауған қар аралас нөсер салдарынан жергілікті автожол және Аспара-Шу аралығындағы теміржол көпірінің тірегін су шайып кеткен болатын.