Күрделі санитарлық-эпидемологиялық ахуал кезінде әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау, алдымен жауынгерлік әзірліктің жай-күйіне әсер ететін маңызды мәселе екені анық. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық Басқармасы, санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев жан-жақты айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Әлібек Нығметоллаұлының айтуынша, қазіргі кезде Қарулы күштерінде санитарлық-эпидемологиялық жағдай тұрақты. Екі аптадай коронавирустың жаңа жағдайлары тіркелмеген. Жалпы алғанда еліміз бойынша санитарлық-эпидемологиялық ахуал тұрақтанып келеді. Жақында барлық өңірлер жасыл аймаққа көшкен болатын.
«Коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін бұрын қабылданған іс-шаралар әлі де жалғасуда. Ең басты рөл қазір вакцинация екені белгілі. Жақында ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинацияның өте маңызды рөлі туралы айтылған болатын. Қарулы күштерінде бүгінгі күнде ревакцинация жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 84%-ы ревакцинациядан өткен. Қалған 16%-ы негізінен бірінші курста оқитын оқу орындарындағы курсанттар. Және соңғы күзгі мерзімдегі шақырылымдағы әскери қызметшілер. Олар келген кезде вакцинация алған, енді алты ай өткеннен кейін ревакцинадан өту жоспарланып отыр. Әрине, ревакцинаның қандайда бар шектеулері бар. Егер медициналық қарсы көрсеткіштері болса, оларға вакцинация салынбайды», – деді Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық Басқармасы, санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев.
Елімізде 1 наурыздан бастап әскерге шақыру науқаны басталған болатын. Қарулы күштеріне сәуір айында жас сарбаздар келіп бастайды. Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысы бойынша, әскери толықтырулар келген кезде, оларға ПТР тестілеу талабы әлі бар.
«Сондықтан әскери бөлімдерге келген кезде он күн оқшаулау жоспарланып отыр, олардың команда басшыларымен бірге. Сол оқшаулау кезінде бұрын вакцина алмаған адамдарға ПТР тестілеу жүргіземіз. Он күн өткеннен кейін вакцина алмағандарға вакцина жүргіземіз. Және жас сарбаздар әкімшілігін медициналық тексеруден өткіземіз және оларды ревакцинасы бар адамдардан жасақтаймыз. Бүгінгі күні әскери медициналық мекемелер санитарлық-эпидемологиялық жағдайды қамтамасыз етуге, жалпы медициналық көмек көрсетуге әскери медициналық мекемелер толық жабдықталған деп айта аламын. Өйткені біз де 2020-2021 жылдары коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге қатысқан болатынбыз. Үлкен тәжірибеміз бар. Мысалы, 2020 жылы төрт емдеу мекемесі коронавирустан емдеуге қатысқан болатын. Бұл Алматы, Нұр-Сұлтан, Талдықорған және Үшарал қалаларындағы госпитальдарды пайдаландық. Сол кезде 1570-тен астам адам емделіп шыққан болатын. Ал 2021 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтан госпитальдері қайтадан осы мәселе бойынша тартылған болатын. бұл кезде біздің әскери бөлімдер 1750-ден астам Ковид-19 диагнозымен ауырған адамдарды емдеп шығуға қатысқан болатын. Сондықтан тәжірибеміз бар. Барлық қажетті медициналық жабдықтар, антисептиктер, маскалар, бәрі жеткілікті», – деді Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық Басқармасы, санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Нығметоллаұлы.
Оның айтуынша, әскерлерде басқа да инфекциялық жұқпалы аурулар орын алуы мүмкін. Сондықтан Қорғаныс министрлігінің нұсқауы бойынша, әскерлерге жеделхат жолданған. Онда тұмау, басқа да вирустық инфекциялар, тыныс алу жолдарының және минингит сияқты ауа тамшы инфекияларының алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту жөнінде талаптар қойылған. Медицина саласы, соның ішінде санитарлық-эпидемологиялық қызмет бұл мәселелерді өзінің қадағалауында ұстап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Елімізде 1 наурыздан әскерге шақыру науқаны басталған болатын. Қарулы күштеріне сәуір айында жас сарбаздар келіп бастайды. Осы орайда, күрделі санитарлық-эпидемологиялық ахуал кезінде әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау, алдымен жауынгерлік әзірліктің жай-күйіне әсер ететін маңызды мәселе екені анық. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық Басқармасы, санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Әлібек Манабаев жан-жақты айтып берді.