27 там, 2021 сағат 03:34

Әскери бөлімдегі жарылыс: Таразда 221 адам жатын орынмен қамтамасыз етілді


Жамбыл облысының әкімдігі Facebook парақшасында Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасында болған жарылысқа байланысты қосымша деректер жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. 

Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: 

- 109 телефон нөмірі;

- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. 

Сонымен қатар, 

- 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады. 

Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Оның ішінде Тараз қаласында 221 адам арнайы жасақталған жатын орынмен қамтамасыз етілген. 

Ал Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылда 18 адам тиісті орындарға орналастырылды. 

«Аталмыш жағдай орын алған аумақта Жамбыл облысының басшысы Б.Сапарбаев, еліміздің Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин қадамдар жоспарын пысықтауда», - делінген хабарламада.