02 қыр, 2022 сағат 19:10

Асқар Омаров қызметінен босатылды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Омаров Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Асқар Қуанышұлы 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі: халықаралық экономикалық қатынастар.

Еңбек жолын 1996 жылы жекеменшік компанияда туристерді жөнелту бөлімінің көмекшісі болып бастады.

1997-1998 жж. — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жетекші маманы.

1998-1999 жж. — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жж. — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жж. — Қазақстан РТРК АҚ – Астана ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының бас редакторы.

2007-2010 жж. — жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2011-2013 жж. — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2013-2014 жж. — жеке ұйымның креативті директоры.

2014-2015 жж. — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жж. — қоғамдық қордың президенті.

2017-2021 жж. — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

Асқар Қуанышұлы 2017 жылдан 2021 жылдың тамызына дейін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген.

2022 жылы 11 қаңтарда Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған еді.