04 шіл, 2022 сағат 12:15

«AsiaCredit Bank» мүлкін ұрлау дерегіне қатысты тергеу басталды - ҚМА


«AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«ҚМА Алматы бойынша департаменті «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР ҚК-ның 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір департаментпен ҚР ҚПК-ның 24-бабы талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, КПК-ның 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді.