07 шіл, 2021 сағат 15:35

«Ashyq» қосымшасы: 1449 алматылықтан «қызыл» белгі шықты


Алматыда Ashyq мобильді қосымшасының көмегімен QR-коды арқылы сканерлеу бойынша рұқсат етілмеген жерге баруға тырысқан 1449 тұрғынның «қызыл» мәртебесі расталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматыда коронавирус таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың деректері бойынша, 9 сәуір мен 1 шілде аралығында QR-код арқылы мәртебені сканерлеу кезінде 1449 тұрғыннан «қызыл», 370 алматылықтан «сары» статус анықталды. 

«Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандарының кіре берістеріндегі сканерлеу нәтижесі 716 тұрғынның «қызыл», 189 тұрғынның «сары» мәртебесін растады. Айта кетерлігі «қызыл» мәртебесі бар 157 және «сары» мәртебесі бар 40 тұрғын фитнес орталықтары мен бассейндерге кіруге тырысқан. Монша мен саунада «қызыл» мәртебесі бар 39 адам, «сары» мәртебесі бар 9 адам анықталды. Кинотеатрлардың кіре берістерінде «қызыл» мәртебесі бар 71 тұрғын, «сары» мәртебесі бар 34 адам анықталды. Қоғамдық тамақтану орындарында «қызыл» мәртебесі бар 286 және «сары» мәртебелі 56 тұрғын анықталды. Ал Алматының әуежайына «қызыл» мәртебедегі 89 және «сары» мәртебелі 21 адам кіруге тырысқан.

Алайда, нысанға бармай, сканерлеу нәтижесінде, яғни үйде оқшауланғандардың ішінде 733 тұрғынның «қызыл», 181-інің «сары» мәртебелері расталды. 

Анықталғанындай, олар қоғамдық орындарға, оның ішінде бассейндерге, сауналарға, кафелер мен мейрамханалар баруға тырысқан.