21 қыр, 2020 сағат 13:22

АШМ Қазақстанда құс тұмауының өршу себебін атады

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Қазақстанда құс тұмауы қалай өршіп кеткенін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Эпизоотиялық зерттеу жұмыстары көрсеткендей, алдымен, солтүстіктен оңтүстікке көшіп бара жатқан жабайы құстардың өлімі тіркелген. Ауру ортақ су қоймасын пайдаланудан келген. Лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін, құстардың қандай диагноздан қырылғаны белгілі болды – ол жоғары патогенді құс тұмауы. Мониторинг барысында жабайы құстардың (аққулар мен үйректердің), қарғалар мен сауысқандардың, көгершіндердің қырылғаны анықталды», - деді ол бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, Петропавлдағы орталық бақта қырылған қарғалар, сауысқандар мен көгершіндер жиналып алынып, өртелген.