Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов туған жері туралы сыр шертті.
Белгілі әртіс туған жері туралы көңіл тебірністерін ортаға салып, жүрекжарды сырын бөлісті.
"Елдің, жердің киесі деген бар. Әр уақытта ұмытпай сәлем беріп тұру керек. Ол біздің міндетіміз деп есептеймін", - дейді ол.
Асанәлі Әшімов өзі дүние есігін ашқан Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы хақында баян етіп, өткен шақты сағынышпен еске алды.
"Адам баласы жаратығаннан кейін, сол пенде қуанышы болады, реніші болады. Соның бәріне ортақ, қуанышына қуанып, ренішіне ренжитін жағдайлар болады. Көңілім кішкене құлазыңқырайды. Достар жоқ. Толып жүр бала-шағалары, басқалары. Бірақ бұрынғы ескі көздер жоқ. Енді өмір солай... Не істейсің? Өмірдің заңы солай", - дейді ол.
"Кісі сыйлағанның құлы. Сол сыйдан айырмасын. Халықтың сүйіспеншілігінен айырмасын. Сол ең басты қуаныш. Сол ең басты марапат деп түсінемін," - дейді Асанәлі мырза сөз соңында.
Сондай-ақ актер бүгінгі талантты жастың көп талаптануы керектігін тілге тиек етеді. Қандай актер болмасын жан-жақты болып, ізденісте жүру керек екенін айтады.