18 қар, 2024 сағат 11:55

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

Фото: ІІМ

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған. 

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған. Ол осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды", - делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторында қамауда отыр.