19 қаң, 2024 сағат 14:38

Арыстағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Арыста газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Олардың біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы және дүкен орналасқан бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Екі адам ауруханаға түсті.

“Зардап шеккендердің екеуі де - Өзбекстан азаматы. Бірі – әйел, екіншісі – ер адам. 1984 жылғы әйелдің денесін 92% күйік шалған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке орай науқас алған жарақатынан қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.

Оқиға 17 қаңтарда болған еді.