01 мау, 2020 сағат 10:42

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы коронавирус жұқтырды

Армения премьер-министрі Никол Пашинян, отбасымен коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Пашинян өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, тест нәтижесі оң болып шықты", - деді Армения үкіметінің жетекшісі.

Пашинянның сөзінше, тест нәтижесі жексенбіде белгілі болған. Ол COVID-19 ауруының еш белгісі байқалмаса да, алдағы іссапар алдында коронавирусқа тест тапсыруды жөн көргенін айтты.

Тест нәтижесі Пашинянның әйелі – Анна Акопян мен үш қызында да оң шыққан. Оларда да аурудың белгілері байқалмаған. Пашинянның қыздарынан бөлек ұлы да бар. Ол қазір әскерде борышын өтеп жатыр.

Армения үкіметінің басшысы өзінің резиденциясында оқшауланып, сол жерден жұмыс істемек.

Никол Пашинян Армения билік басына 2018 жылғы 8 мамырда "барқыт революциясынан" кейін келген. Бүгін ол 45 жасқа толып отыр.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Арменияда коронавирус 9282 адамнан табылып, 131 адам қаза тапқан.